Елорда жастары Қажымұқанның 150 жылдығына орай челлендж бастады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елорда жастары Қажымұқанның 150 жылдығына орай челлендж бастады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111862229361323.webp)
Аталмыш челленджге елорда тұрғындарының бәрі қатыса алады. Іс-шараның басты мақсаты — тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, білекті, шымыр жандарды анықтау.
«Жарыстың басты талабы 16 кг болатын гирді көтеру. Гир көтергенде шынтағыңыз тік тұруы шарт. Ал қолыңыз шаршаған кезде жұлқып көтеруіңізге болады. Достар, спорттың қай түрінен қатыссаңыз да сапаға мән беріңіз. Яғни шынтақ, иық буындарыңыз толығымен түзу болуы керек. Ал турникте аяғыңызды бір қалыпта ұстап иекке дейін тартылуыңыз шарт. Барша Қазақстан жастарын осы челленджге белсене қатысуға шақырамыз», — делінген хабарламада.
Челленджге қатысу үшін түрлі спорт түрінен 150 мәрте жасаған жаттығуын видеоға түсіріп, Instagram желісіне #ҰлыДалаБатырыменБірТолқында #Қажымұқан150жыл хештегімен жариялайды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және спорт клубтарына берілетін сертификаттармен марапатталады. Челлендж 10 сәуірге дейін жалғасын табады.