Сарыарқа ауданында 31 меншік иелерінің бірлестігі құрылды
Ең алдымен, пәтер иелері МИБ құру үшін: пәтер иелерімен жиналыс өткізу; меншік иелері құрамынан үш жыл мерзімге үй кеңесі мен бір жылға төрағаны сайлау (заңды тұлға); тексеру комиссиясын немесе тексерушіні үш жыл мерзімге сайлау; бірлестік жарғысын бекіту; ХҚКО-на мүліктің меншік иелерінің бірлестігін тіркеу құжаттарын өткізу қажет. Үй кеңесі не үшін қажет? Заң нормаларына сәйкес, әр үйдің өз кеңесі болуы керек. Оның құрамында кемінде үш үй иесі болуы керек. Үй кеңесінің міндеті МИБ немесе серіктестіктің сенімді тұлғасының қызметін бақылау. Алайда, егер міндеттер тиіссті жағдайда орындалмаса, ол меншік иелерінің жиналысында қайта сайлануы мүмкін. Үй кеңесі меншік иелерінің жиналысында үйді басқару, күтіп ұстау және пайдалану туралы өз ұсыныстарын бере алады. Сонымен қатар, үй кеңесі: коммуналдық қызметтердің сапасына; сервистік компаниялармен шарттардағы талаптардың орындалуына; қаражатының жұмсалуына; үйді басқару және күтіп ұстау бойынша есеп беруді қамтамасыз етуге мониторинг жүргізеді. МИБ-ті құру туралы толық ақпаратты Iqamal МИБ орталығынан немесе тұрғын үйге қызмет көрсету мәселелеріне қатысты бірыңғай орталықтан алуға болады. Бұған қоса, Сарыарка ауданының тұрғындары үшін «Front office-те» МИБ бойынша кеңес беру қызметі жұмыс істейді.