Алматы ауданының тұрғын алабтарында «мобильді пошта» қызметі жұмыс істейтін болады
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Алматы ауданының тұрғын алабтарында «мобильді пошта» қызметі жұмыс істейтін болады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111885023876665.webp)
ашық дереккөз
«Қазпошта» АҚ басшылығының және елорда әкімі Алтай Көлгіновтың қолдауымен Железнодорожный, Промышленный, Интернациональный, Мичурин және Күйгенжар тұрғын алаб тұрғындарының көптеген сұрауларымен, тұрғын алабтардағы фронт-кеңселерде әр айдың 4-жұлдызынан бастап 4 күн бойы зейнетақы мен жәрдемақыларды беру жүргізіледі. Ал әр айдың 15-жұлдызынан бастап 4 күн аралығында коммуналдық қызметтерге төлем қабылдайтын күні сіздер үшін «Қазпошта» АҚ-ның «мобильді пошта» қызметі жұмыс істейді», деп көрсетті Алматы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Қызмет көрсету сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі. Егер бұл күндер демалыс және мейрам күндеріне түскен жағдайда, жұмыс күндеріне ауыстырылатын болады.
Ұқсас жаңалықтар