Байқоңыр ауданының әкімдігі заңсыз орнатылған гараждарды алып тастау қажеттігін ескертті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Байқоңыр ауданының әкімдігі заңсыз орнатылған гараждарды алып тастау қажеттігін ескертті
ашық дереккөз

«Байқоңыр ауданы әкімдігінің аппараты гараждардың меншік иелерінен оларды алып тастауды сұрайды. Себебі, гараждар мемлекеттік меншік құқығын бұза отырып орнатылған. Олай болмаған жағдайда, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Шығару мерзімі - 2021 жылдың 15 сәуіріне дейін», деп көрсетті аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі. Байқоңыр ауданының аумағында 16 аулада 193 гараж бар. Осы аулалардың 4-де биыл абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 24 гараж алынып тасталды.