Елорданың жедел жәрдем көліктеріне бағдаршаммен байланыс орнататын арнайы жабдықтар қойылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорданың жедел жәрдем көліктеріне бағдаршаммен байланыс орнататын арнайы жабдықтар қойылды
ашық дереккөз

«Елорданың жедел жәрдем көліктеріне арнайы жабдықтар орнатылды. Бұл қондырғы көше қиылысына жақындағанда бағдаршаммен байланыс орнатып, жасыл шам жанады. Нәтижесінде, Интеллектуалды Тасымалдау Жүйесін (ITS) жедел жәрдем көлігінің GPS навигаторларымен біріктіру арқылы жедел жәрдемнің науқасқа жету уақытын едәуір қысқартты», делінген хабарламада. Әзірге мұндай «жасыл дәлізбен» реанимациялық бригада көліктері қамтамасыз етілді.