1 қарашадан бастап елорданың ескі вокзалында тегін автотұрақ болмайды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Айта кетейік, елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін балама ретінде вокзал алдында тегін тұрақ пен жолаушыларды отырғызу және түсіру аймақтары бар жолақ іске қосылады (сызбасы суретте).
Тұрақ қызметтерін төлеудің бірнеше жолы бар:
- Kaspi.kz банктік мобильді қосымша арқылы, «Төлемдер» бөлімінде;
- Жеке кабинетте, NSPARKING (App Store және Google play) мобильді қосымшасы және nsparking.kz веб - сайт арқылы;
- Теміржол вокзалы аумағында орналасқан 4 QIWI төлем терминалдары арқылы;
- Теміржол вокзалының жаңа ғимаратына орнатылған паркомат арқылы (қолма-қол ақшамен, банк картасымен немесе NFC төлемімен);
- Теміржол вокзалының ескі ғимаратының 2-қабатында орналасқан тәулік бойы жұмыс істейтін касса, №15 кабинет арқылы төлеуге болады.
Тұрақ қызметтерінің қолданыстағы тарифтерімен тұрақ билеттерін беру автоматтарының жанындағы ақпараттық тақталарда, паркоматтарда, тәулік бойы жұмыс істейтін кассада, сондай-ақ NSPARKING мобильді қосымшасында және nsparking.kz сайтта танысуға болады.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Алматы ауданында зейнеткерлер арасында үстел теннисінен турнир өтті
21 қараша, 2024
Елордада «Наз» мемлекеттік би театрына арналған кітаптың тұсаукесері өтті
21 қараша, 2024
Елордада әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдауға арналған орталық ашылады
21 қараша, 2024
Мәслихат депутаттары елордадағы жастар орталықтарының жұмысымен танысты