00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық оқушылар туризмді дамытуға атсалысып жатыр

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық оқушылар туризмді дамытуға атсалысып жатыр
ашық дереккөз

Жобаларды әділ бағалау үшін қазылар алқасы құрамына Елбасы кітапханасы, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркі, республикалық Ұлттық музей, «Ұлы Дала скауттары» қоғамдық бірлестігі, «BilimInvest» Ұлттық білім беру инвесторлары қауымдастығы, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы және бірнеше ғылыми институттардың өкілдері, сондай-ақ ЮНЕСКО сарапшылары кірді. 

27-30 қыркүйек аралығында беделді әділқазылар 300-ге тарта шығармашылық жұмыстарды бақылап, әділ бағасын берді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің атынан байқауға 12  жоба бойынша 19 оқушы өздерінің жобаларын қорғады.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Жалғас Тілеумұратин «Маңғыстау облысындағы өндірістік жобалар мен туристік кешендердің дамуы» тақырыбындағы өз жұмысын көпшілікке ұсынды.  

Жас зерттеушінің айтуынша, қазіргі таңда дүниежүзілік сипат алып отырған туризм саласы тек табиғатпен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығымен, салт-дәстүрдің даралығымен де ерекше. Ал, бұл тұста біздің еліміздің тарихы мен табиғатына сөз табылмасы хақ. 

“Менің жұмысымның басты мақсаты - Маңғыстау облысындағы өндірістік жобалардың жүзеге асырылуы мен өңірдегі туризм саласының қарқынды дамуын зерттеу. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы маңызды экономикалық көрсеткіштердің бірі – «сыртқы инвестициялар» болғандықтан, мен осы аймақта салынып жатқан жаңа Rixos Water World Aktau қонақүй кешені бастаған туристік проекттер мен идеялардың ҚР-на әкелер экономикалық, мәдени және әлеуметтік пайдасын көрсету. Өз басым еліміздегі өндіріс пен ішкі және сыртқы туризм салаларының дамуын қолдағандықтан, мен дәл осы тақырыпта зерттеу жұмысын жүргізуді жөн көрдім”, - дейді жас өлкетанушы.  

Зерттеу жұмысы әділқазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды.