00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада жаңа жаяу жүргіншілер өткелі орнатылды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада жаңа жаяу жүргіншілер өткелі орнатылды
ашық дереккөз

Жаяу жүргіншілер өткелі жүріс бөлігінің үстінде белсенді жол белгілері орналастырылған екі консольді тіреулермен жабдықталған, бұл олардың алыстан көрінуін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жүріс бөлігін, сондай-ақ оған тротуарлық кіреберістерді жарықтандыру қарастырылған. Осылайша, жүргізуші жолда келе жатқан жаяу жүргіншіні алдын ала көре алады.

Тәуліктің қараңғы уақытында және қолайсыз ауа райы жағдайларында жаяу жүргіншілер өткелінің көрінуі сары сигналдың жыпылықтауымен және ішкі жарықтандырумен қамтамасыз етіледі.

“Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді өткелден өту кезінде сақ болуларын сұраймыз”, – делінген хабарламада.