Алтай Көлгінов: 255 үлескердің мәселесі шешілді
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Конституция күні қала тұрғындарының бір бөлігі қоныс тойын тойлап жатыр. Олар – пәтер кезегінде тұрғандар мен үлескерлер. Құрылысы ұзаққа созылған «Куршавель» және «Шығыс 3Б» құрылысы аяқталды (Шығыс тобының КТК басқа блоктары бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде). Осылайша 255 үлескердің мәселесі шешілді. Сондай-ақ, Қазақстан тұрғын үй компаниясымен (ҚИК) бірлесіп салынған үйдің кілттерін медициналық және әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар, өрт сөндірушілер, тәртіп сақшылары, мәдениет және спорт қайраткерлері алды. Отбасы банкі желісі бойынша кезекте тұрғандардың арасында жетім балалар, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар, көпбалалы отбасылар және т.б. баспаналы болды. Қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй көлемін ұлғайту және үлестік құрылыс нысандарын аяқтау мәселесі ел басшылығының бақылауында. Осы бағыттар бойынша ауқымды жұмыстар атқарып жатырмыз. Қала тұрғындарын бүгінгі мерекемен тағы да құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, табыс және бақыт тілеймін!» – деп жазды елорда әкімі.
Ұқсас жаңалықтар