Мемлекет басшысы 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады», – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.
Айта кетейік, 26 тамыз күні шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери қоймалардың бірінен өрт шығып, жойқын жарылыс болды. Соңғы мәлімет бойынша, жарылыстан қаза тапқандар саны 12 адамға жетті. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, барлығы 98 адам медициналық көмекке жүгінді. Олардың 37-сі ауруханаға жатқызылып, қалғандары жарақат пункттерінде тиісті көмек алып, үйлеріне жіберілді.
Ұқсас жаңалықтар