Жағалау шағын ауданында 20-ға жуық үй абаттандырылып жатыр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жағалау шағын ауданында 20-ға жуық үй абаттандырылып жатыр
ашық дереккөз

Жағалау шағын ауданында үй жануарларын серуендетуге арналған аймақ, 1 әмбебап хоккей корты, үстел теннисіне арналған 4 үстел, 6 гимнастикалық алаң, 7 футбол-баскетбол алаңы, тыныш демалуға арналған 9 учаске, workout кешені бар 12 аймақ, 12 тренажер аймағы, 16 балалар алаңын салу жоспарланып отыр. Жобалау-сметалық құжаттама бойынша алаңдарды жайластыру кезінде жарақатқа қауіпсіз резеңке жабын, сондай-ақ сертификатталған шағын сәулет нысандары пайдаланылады. Жаңа алаңдар барлық заманауи қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін атап өту қажет. Биыл 38 аула мен екі сквер абаттандырылды. 10 жылдан астам уақыт бойы абаттандырылмаған проблемалық құрылыс алаңдарының аулаларына баса назар аударылды. Айта кету керек, 2020 жылы 32 учаске абаттандырылып, тұрғын үй алаптарына ерекше назар аударылды. Мұндай жұмыспен қаланың барлық аудандары қамтылған. Мәселен, 2020 жылы Нұр-Сұлтанда 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістік абаттандырылды, биыл 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістік салынады және жөнделеді.