Нұр-Сұлтанда жол қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда жол қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі
ашық дереккөз

Полиция департаментінің елордада, әсіресе қысқы уақытта жолақтардың шекарасын белгілейтін қосымша сол жақ бұрылыстың жарық модульдерін қолдану, сондай-ақ қызыл түсті шулы жолақтары бар учаскелер санын ұлғайту туралы ұсыныстары қолдау тапты. Қазіргі уақытта қызыл түсті шулы жолақтар 7 учаскеде орналасқан. Мәселен Әлиев көшесіндегі балалар футбол клубы маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінің алдында, Түркістан көшесіндегі «Алпамыс» балабақшасының ауданында және т.б. Осы жылдың соңына дейін оларды тағы 38 учаскеде қолдану жоспарланып отыр. Бұл шаралар жаяу жүргіншілер өткелінің алдындағы жылдамдықты мәжбүрлеп төмендетуге, шулы әсерін жасауға, сондай-ақ жолақтардың ашық қызыл түсіне байланысты жүргізушілердің назарын аударуға мүмкіндік береді. Қозғалыс бағыттарын жоспарлау үшін қалаға кіре берістегі ақпараттық қалқандардың санын арттыру туралы шешім қабылданды. Бұдан басқа, бағдаршамдардың жұмыс режимдерін өзгерту бойынша ұсыныстар қолдау тапты. Атап өту керек, бұл нәтиже бойынша енгізілген өзгерістер жұмыс режимі Бөгенбай батыр – Республика бағдаршам қиылысында (сары сигнал уақыты ұзартылды – 3-тен 4-5 сек) көлік апатын төмендетуге қол жеткізілді. Елорда әкімдігінің хабарлауынша бұл өзгерістер енгізілгеннен кейін сол жақ бұрылысты жасау кезіндегі жол-көлік оқиғасының саны (ЖКО) 57%-ға қысқарды. Жол бойына орнатылған камералар да ЖКО санын азайтуға және жүргізушілерді тәртіпке келтіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жол белгілерінің жүру бөлігінің үстінде орналасуы арқылы олардың көрінуін жақсарту, сондай-ақ пластикалық жабыны бар жеңіл құрастырмалы металл конструкциядан жасалған жаяу жүргіншілер қоршауларын қолдану жоспарлануда. Алдын алу және ескерту мақсатында елорда әкімдігі полиция департаментімен бірлесіп, қала жолдарында қозғалысты ұйымдастыруды жетілдіру, оның ішінде жаңа схемалар мен техникалық құралдарды қолдану бойынша шаралар қабылдауда. Қала аумағында «сары түсті» жол белгілеуінің қос тұтас желісін қолдану бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Бұдан басқа, комиссия отырысында әлеуметтік нысандардың (мектептер, ауруханалар, балабақшалар және басқалар) бейнекамераларын қалалық бейнебақылау жүйесіне қосу жөніндегі жол картасын іске асыру барысы, сол сияқты мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында, әрі интернет желісінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.