Қай өңірдің білім саласындағылар ең көп жалақы алады?

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қай өңірдің білім саласындағылар ең көп жалақы алады?
ашық дереккөз

Есепке сүйенсек, биыл екінші тоқсанда білім саласында 528,2 мың адам жұмыс істеген. Бұл былтырға қарағанда 2,5%-ға көп. Өңірлерге шақсақ, білім саласы қызметкерлерінің ең көп (68,3 мың адам) шоғырланған жері Алматы облысы болып шықты. Үздік үштікке Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы да кіреді. Ал сала өкілдерінің ең аз тұратын жері – Атырау облысы, мұнда небәрі 14,2 мың адам білім саласында жұмыс істейді. Білім саласы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 2021 жылғы екінші тоқсанда 233,9 мың теңгені құрады, бұл сома былтырға қарағанда 26,8%-ға артық. Мектепке дейінгі білім саласының өкілдері – 116,4 мың тг, бастауыш білімдегілер – 193,4 мың тг, орта білім мамандары – 273,7 мың тг, жоғары білім саласының қызметкерлері 251,7 мың тг жалақы алады. Ал қосымша білім беру саласы өкілдерінің бір айлық еңбекақысы – орташа есеппен 177,1 мың тг. Өңірлер бойынша бөлсек, ең көп жалақыны елорданың білім саласы қызметкерлері (350,8 мың тг) алады екен. Екінші және үшінші орында Маңғыстау облысы (268 мың тг) мен Алматы қаласының (265,5 мың тг) білім саласы өкілдері тұр. Ең төмен жалақы (200,7 мың тг) Батыс Қазақстан облысының білім саласындағыларға тиесілі. Еліміздегі 17 өңірдің 5-еуінде ғана сала қызметкерлерінің айлық жалақысы республика бойынша орташа жалақы деңгейінен асады.