Елімізде имамдардың 57 пайызы орта немесе жоғары білімді
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елімізде имамдардың 57 пайызы орта немесе жоғары білімді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107294644584213.webp)
ашық дереккөз
«Халықтың имандылыққа шақыруда имамдардың ең басты қаруы білім болса керек. Соңғы жылдары еліміздің имамдары арасында орта немесе жоғары білімі бар мамандардың көбейгені қуантады. 2016 жылы зерттеу жүргізгенімізде, орта немесе жоғары білімі бар имамдар 37%-ды құраған. Араға бес жыл салып, бұл көрсеткіш 20%-ға артып отыр. Қазіргі таңда орташа есеппен қазақстандық имамдардың 57%-ы орта немесе жоғары білімді. Әрине, төмен көрсеткішке ие өңірлер де бар. Мысалы, Түркістанда орта немесе жоғары білімі бар имамдар небәрі 14%-дай», – деді комитет төрағасы «Діни фундаментализмнің діни-саяси өзекті мәселелері» атты семинарда.
Сондай-ақ ведомство басшысы бүгінде елімізде жылына 500-600 түлек дін саласының маманы деген диплом алып шығатынын атап өтті.
Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Нұрдәулет Әлмұханов дінтанушы болғысы келетін жастарға елорда әкімдігі тарапынан бірқатар қолдау көрсетіліп жатқанын айтты.
«Былтырдан бастап елорда әкімі Алтай Көлгіновтің атынан Нұр-Мүбәрак университетіне 15 грант тағайындалып келеді. Оның 13-і бакалавриат үшін болса, 2-еуі магистратураға жарайды. Одан бөлек, әкімдік Астана медресе-колледжіне 50 грант бөлді. Келесі жылы грант санын 200-ге жеткізу жоспарланып отыр», – деді басқарма басшысы.
Ұқсас жаңалықтар