Сейф көріп... жолдан тайды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сейф көріп... жолдан тайды
ашық дереккөз

Полиция департаментінің хабарлауынша, елордалық әйел пәтердегі жөндеу жұмысын жүргізу үшін жұмысшы шақырады. Біраз уақыт жұмыс істеген соң жас жігіт балконнан сейфті байқап қалады. Ішінде қомақты ақша бар-ау деген оймен әуелі оны ашуға тырысып көреді. Онысынан түк шықпаған соң, сейфті 7-қабаттың терезесінен лақтырады да, артынша өзі үйден шығып кетеді. Бірақ төменге түсіп, сейфтің әлі ашылмағанын көреді. Амалсыз осыдан кейін оқиға орнынан ізін суытады. Кейін анықталғанындай, сейфте шынында да 4 500 АҚШ доллары мен құжаттар жатқан. Қазір ұрлық жасамақ болған күдікті ұсталды. Оның бұрын осыған ұқсас қылмыс бойынша сотталғаны белгілі болды.