Елордалық оқушылардың 19,6%-ы спорт үйірмесімен қамтылған

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық оқушылардың 19,6%-ы спорт үйірмесімен қамтылған
ашық дереккөз

Сондай-ақ 4 қосымша білім беру ұйымында, атап айтсақ, «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы,  Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы, М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы және әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында 186 спорт секциясы бар. Ал қаладағы балалар мен жасөспірімдерге арналған 11 спорт мектебінің 73 бөлімшесіне 18 112 бала барады. Осылайша астаналық оқушылардың 19,6%-ы спорт үйірмесімен қамтылған. Өз сөзінде аталмыш орталық директоры елорда мектептеріндегі дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің біліктілігіне де тоқталды.

«Елорда мектептерінде 809 дене шынықтыру пәні мұғалімі бар. Оның 679-ы - жоғары білімді, 76-сы орта арнайы білімді және 54-і аяқталмаған жоғары білімді педагогтар. 11 мұғалім магистр академиялық дәрежесіне ие. Педагогтарымыздың арасында спорт шеберлері жетелік. Атап айтсақ, 3 мұғалім – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 28 мұғалім – ҚР спорт шебері, 80 мұғалім – спорт шеберіне кандидат», – деді Н. Тәженов.