Тамыз конференциясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі талқыланды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тамыз конференциясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі талқыланды
ашық дереккөз

Конференция барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов педагогтарға күрделі сын-қатерлерге төтеп бере алатын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жасай алатын қазақстандықтардың мықты буынын тәрбиелеуге шақырды.

«Мектептерде парасаттылықты қалыптастыру – сіздер мен біздің бірінші кезектегі міндетіміз. Сізге ел игілігі үшін қызмет ететін адал мамандарды тәрбиелеу сеніп тапсырылған. Сіздерді абсолюттік адалдықтың, сатылмаушылықтың үлгісі болуға және өскелең ұрпақты осыған үйретуге шақырамын» - деп атап өтті Бақытжан Мақсұтұлы.

Сондай-ақ, Бақытжан Ниязов осы жұмыс аясында 1 қыркүйекте елорданың барлық оқу орындарында бірыңғай «Адалдық сағаты» өтетінін, онда оқушылар алдында халық арасында құрметке ие танымал тұлғалар сөз сөйлейтінін атап өтті. Сондай-ақ, «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» клубтарының рөлін күшейту және танымал ету қажеттілігі атап өтілді. Қалалық тамыз конференциясы – бұл қаланың үздік мұғалімдерінің, талантты әдіскерлері мен педагогтарының, ғалымдарының салтанатты жиналысы. Маңызды іс-шарада өткен оқу жылының қорытындысы бойынша жүргізілген үлкен жұмыстың нәтижелері бағаланды, анықталған проблемалар талқыланды, даму перспективалары нақтыланды.