Шаңырағы шайқалатын отбасылар қай өңірде көп?

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Шаңырағы шайқалатын отбасылар қай өңірде көп?
ашық дереккөз

ҚР Жоғарғы Сотының мәліметінше, соңғы бес жылда Қазақстанда некені бұзу туралы өтініштер ең көп берілген уақыт болып 2019 жыл саналады. Ол кезде соттарға 80 мыңнан астам өтініш түскен. Былтыр 63 мың қазақстандық ажырасуға өтініш берген. Өткен жылы күніне республика бойынша ажырасуға 256 өтініш берілген. Ал биылғы алғашқы жеті айда аталмыш көрсеткіш бұдан асып, күніне 336 өтінішті құрады. Қазақстан бойынша биыл ажырасуға 46 мыңнан аса өтініш берілген. Статистикалық деректерге сүйенсек, ажырасуға өтініш беруге көбіне әйелдер бастамашылық танытады. Былтыр ажырасуға берілген 63 мың өтініштің 68%-ы әйелдерден түскен. Биылғы жеті айда түскен өтініштердің 58,5%-і әйелдер тарапынан болған. Өңірлерге шақсақ, ажырасуға өтініш беретіндер көбіне Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында болып шықты. Алматы облысы мен Алматы қаласы да ажырасуға берілетін өтініштер саны бойынша да, қиылған некелер саны бойынша да көш басындағылардың бірі болып тұр.