Он сегіз мың ғаламның түсі қандай? – зерттеу
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Он сегіз мың ғаламның түсі қандай? – зерттеу](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107322634343387.webp)
Әдетте адамдар ғаламды шетсіз-шексіз кеңістіктер әлемі болғандықтан қара түсті деп ойлауға дағдыланған. Алайда, ғалымдардың айтуынша, қара дегеніміз – түс емес, ол жай ғана көрінер жарықтың жоқтығы. Ал түс дегеніміздің өзі – бүкіл ғаламда жұлдыздар мен галактикалар әсерінен туатын көрінер жарықтың нәтижесі. Әлгі жұлдыздар мен галактикалар электромагнитті сәулелер толқынын шығарады, ал олар болса шыққан толқынның ұзындығына байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Адам көзіне қабылдау оңайырақ болу үшін осынау ғарыш спектрінің бәрін бір түске айналдырсақ не болады? Ғалымдар компьютерлік бағдарлама көмегімен осылай жасап, ғаламның шын мәніндегі түсін анықтады. Ол ақшыл сары екен. Бұдан біраз уақыт бұрын, 2002 жылы Карл Глейзрук және Иван Болдри есімді ғалымдар да осындай қорытынды жасаған болатын: олар екі жүз мың галактиканың орташа түсі ақшыл сары екенін анықтаған-ды.