Қазақстандықтар жылына сыраға қанша ақша жұмсайды?

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандықтар жылына сыраға қанша ақша жұмсайды?
ашық дереккөз

Қаржы және нарықты зерттеумен айналысатын америкалық Expansivity басылымының мәліметінше, ең қымбат сыра Катарда. Онда көлемі 0,33 л болатын бөтелкедегі сыраның орташа бағасы – 11,26 доллар (4 794 теңге, 1 теңге – 425,74 доллар) тұрады. Ең арзан сыра ОАР-да, ондағы сыраның орташа бағасы – 1,68 доллар (715,25 теңге). ЕАЭО және Орталық Азия елдері арасында Ресейдегі сыраның бағасы  Қазақстанға қарағанда айтарлықтай жоғары. Рейтинтге РФ 11-орында тұр. Елімізбен салыстырғанда сыра Беларусьте қымбаттау, бұл ел тізімде 31-орында. Сыра Әзербайжанда (38-орын), Арменияда (40-орын), Украинада (57-орын) арзан. Сыраны тұтынудың (бір адамға) ең жоғары көрсеткіші Чехияда тіркелген: мұнда орта есеппен әр адам жылына 154,6 литр сыра ішеді.  Орташа шығынның ең жоғары көрсеткіші Германияда: немістер сыраға орта есеппен 1907,78 доллар (812 225 теңге) жұмсайды. Қазақстанда көрсеткіштер төмен: бір адамға 29,3 литрден келеді, ел тұрғындары жылына сыраға орта есеппен 305,23 доллар (129 852 теңге) жұмсайды. Ресейде көрсеткіштер айтарлықтай жоғары: бір адамға 87,4 литр келеді, ал жылына олар орта есеппен сыраға 1 345,8 доллар (572 966 теңге) жұмсайды. 2021 жылғы бірінші жартыжылдықта елімізде 358,7 млн литр сыра өндірілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,6%-ға артық. Сыра өндірісінің 94%-ға жуығы 4 өңірдің үлесінде: Алматы (164,3 млн литр, бір жылда +7,8%), Алматы облысы (85,7 млн литр, бір жылда +10,7%), Қарағанды облысы (51,6 млн литр, бір жылда +8,3%) және Қостанай облысы (34,1 млн литр, бір жылда +1,8%). 2020 жылы Қазақстанда 692,5 млн литр сыра өндірілді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 4,3%-ға көп. Биыл бес айдың қорытындысы бойынша жергілікті сыра қайнату компаниялары сұраныстың 92,6%-ын қамтамасыз етіп, импортқа өнімнің 7,4%-ын жіберген. Өткен жылғы осы кезеңде импорттың үлесі біршама көп болған (8,1%). 2021 жылғы бес айда ішкі нарықта 302,2 млн литр сыра сатылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,5%-ға артық. Шілденің қорытындысы бойынша сыра бір айда 1%, бір жылда 6,6%  қымбаттаған.