Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалына шыға алмады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалына шыға алмады
ашық дереккөз

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы испаниялық Паула Бадосамен ойнады. Испаниялық спортшы 6:2, 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті. 1 сағат 26 минутқа созылған матч барысында Е.Рыбакина 8 эйс жасағанымен, бірде-бір рет брейкке қол жеткізе алған жоқ. Қарсыласы 5 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. П.Бадоса жартылай финалға шығу үшін әлемнің 4-ракеткасы чехиялық Каролина Плишковамен таласады. Ол рейтингте 25-орында тұрған америкалық Джессика Пегуланы 6:4, 7:6 (7:5) есебімен тізе бүктірді.