«Астана» велошабандозы – үздіктер қатарында

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Астана» велошабандозы – үздіктер қатарында
ашық дереккөз

Кезекті кезеңде спортшылар 166 шақырымды бағындырған болатын. Жарыс қорытындысы бойынша бельгиялық Яспер Филипсен жеңімпаз атанды. Ал қазақстандық клуб өкілі Алекс Аранбуру мәреге бесінші болып жетті. Соның арқасында жалпы есепте екінші тұр. «Астана» командасындағы басқа шабадоздар – Александр Власов 17-ші, Горка Исагирре 34-ші, ал Луис Леон Санчес пен Йон Исагирре сәйкесінше 46 және 60-орындарға тұрақтады. Айта кетсек, алда әлі 19 кезең бар. «Вуэльта» Испания бәсекесінің жалпы нәтижесі 5 қыркүйекте белгілі болады.