Мемлекеттік қызметшілерге арналған жасанды интеллект дағдылары бойынша оқыту бағдарламасы іске қосылды


Бүгін Қазақстан Республикасы Президентініңжанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтіңқатысуымен мемлекеттік қызметшілердіжасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларына үйретуге арналған AI-Qyzmet оқыту бағдарламасының ашылуы өтті.
Бағдарлама мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында жұмыс процестеріне жасанды интеллект құралдарын енгізуге және оның мүмкіндіктерін қолдануға бағытталған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың жасанды интеллект саласындағы біліктілігін арттыру қажет екеніне назар аударып, бес жыл ішінде бір миллион адамды жасанды интеллект дағдыларына үйрету міндетіне ерекше көңіл бөлу және оқушыларға, студенттерге, мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлерге арналған бағдарламаға барынша қолдау көрсету қажеттілігін атап көрсеткен болатын.
«Президент жасанды интеллект технологияларын және ауқымды мәліметтер қорын – Big Data-ны тиімді пайдалану, заманауи цифрлық технологиялар арқылы халықпен етене байланыс орнату жолдарын жақсарту қажеттілігін алға қойды. Агенттік мемлекеттік қызметшілердің цифрлық құзыреттерін арттырубойынша тиісті шаралар қабылдауда. Өткізіліп жатқан оқытулар мемлекеттік аппаратқызметінде жаңа технологияларды тиімді қолдануға мүмкіндік береді», - деді Дархан Жазықбай.
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және оның өңірлік филиалдарында өтетін оқыту бағдарламасы аясында тыңдаушылар цифрлық сауаттылықты арттырады. Жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану арқылы деректерді талдау жәнеәкімшілік процестерді автоматтандыру, сондай-ақ шешімдер қабылдау мен өнімділікті арттыру бағытында білімдерін жетілдіреді.
Оқыту мемлекеттік қызметшінің күнделікті қызметіндегі жоспарлау, ақпаратты өңдеу, презентациялар жасау сынды жұмыстардажасанды интеллект мүмкіндіктерін қолданудағдыларын қамтиды. Курста заманауи тілдік модельдермен жұмыс істеудің әмбебап қағидалары ұсынылады, бұл түрлі жасанды интеллект жүйелеріне оңай бейімделуге көмектеседі.
Сондай-ақ оқыту Snack Learning форматы бойынша видеодәрістер түрінде де өтеді. Мұндай формат мемлекеттік қызметшілердің жұмыс кестесіне оңай бейімделіп, оқу процесін икемді етеді. Бағдарлама аясында осы жылы оқытумен шамамен 30 мың мемлекеттік қызметшіні қамту жоспарланып отыр.