00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ұлттық Банк цифрлық инвестициялық монета шығарады

15 қараша, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Ұлттық Банк цифрлық инвестициялық монета шығарады
фото: ҚР Ұлттын банк

Ұлттық Банк AIX TABYS мобильді қосымшасында «Цифрлық инвестициялық монета» жобасын іске қосады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Алтын инвестициялық монеталарды кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен online сатып алуға және сатуға болады.

«Цифрлық баламадағы инвестициялық монетаның құны LBMA белгілеген алтынның салмағы мен бағасына сай және Ұлттық Банк белгілеген АҚШ долларының теңгеге шаққандағы айырбас бағамы негізінде теңгемен есептелетін болады. Монеталар Astana International Exchange биржасының TABYS мобильді қосымшасы арқылы сатылады», -  делінген ресми хабарламада.

«Цифрлық инвестициялық монета» жобасы аясында монеталарды сатып алуға, Ұлттық Банкке кері сатуға, сыйлауға, сондай-ақ олардың жеткілікті саны жинақталған кезде Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында заттай алтын инвестициялық монетаға айырбастауға болады.

Осы жоба үшін арнайы жаңа ÚKI инвестициялық монетасының эксклюзивті дизайны әзірленіп отыр. Оның салмағы 31,1 грамм, номиналы 100 теңге, алтын сынамасы – Аu 999,9.

Монета «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» сериясындағы коллекциялық монеталар стилінде жасалған. ÚKI инвестициялық монетасын тек TABYS мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады. Монеталар блистерде шығарылады.

«Жоба нақты қай күні іске қосылатыны туралы ақпарат Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында қосымша жарияланады», - деп көрсетті Ұлттық банктің баспасөз қызметі.