00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді

29 қараша, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді
Фото: nationalbank.kz

Ұлттық банк Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Шешім жаңартылған болжамдар мен инфляция тәуекелдері балансының бағалауын ескере отырып қабылданған.

Қазақстанда жылдық инфляция қазан айында 8,5%-ға дейін өсті.

«Жаһандық инфляция жалпы баяулауда. Бұл дамыған экономикалардағы еңбек нарығындағы жағдайдың тұрақтануы және неғұрлым баяу іскерлік белсенділікті қоса алғанда, сыртқы монетарлық талаптардың біртіндеп жеңілдеуіне әкелуде. Алайда сыртқы инфляциялық қысым соңғы айларда артуда. Оған азық-түліктің әлемдік бағасының өсуі, Ресейдегі неғұрлым жоғары инфляция және айтарлықтай бағамдық ауытқулар себеп болуда. Қаржы нарықтарында едәуір өскен құбылмалылық байқалуда, бұл белгісіздік пен инфляциялық күтулердің өсуіне әсер етуі мүмкін», - делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Теориялық тұрғыдан база­лық мөлшерлеме ақша-несие сая­сатына үлкен әсер етеді. Оның көтерілуі сатып алу бел­сен­ді­лі­гінің төмендеуіне, несие құ­нының өсуіне және депозиттер­дің кірістілігінің артуына әке­ле­ді.