00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде инфляция көрсеткіші төмендеді

16 мамыр, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде инфляция көрсеткіші төмендеді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазақстанда сәуір айында жылдық инфляция баяулап, 8,7%-ды құрады, наурызда бұл көрсеткіш 9,1% болған, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттың банктің деректеріне қарағанда, 15 өңірде жылдық инфляция бәсеңдеген, 4 облыста қарқын алып, 1 өңірде өзгеріссіз қалды. Жылдық инфляцияның ең жоғарғы мәні Қарағанды мен Маңғыстау облыстарында тіркелді.

Сәуір айында азық-түлік тауарларының бағасы 6,3%-ға дейін түсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 7,6%-ға дейін бәсеңдеді.

«Сәуірде ақылы көрсетілетін қызмет бағасы 13,5%-ға дейін өсті. Ел бойынша айлық инфляция 0,6%-ға өсті. Бұл тарихи орташа мәнге сәйкес келеді. 2017-2021 жылдардағы сәуірде – 0,6%-ды құраған болатын», - деді Ұлттық банктің баспасөз қызметі.