00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде шетелдік туристер төлейтін жарна жойылады

23 қазан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде шетелдік туристер төлейтін жарна жойылады
Оңалхан Оңерхан

Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларына түзетулер енгізілмек, деп хабарлады  Elorda.info

 

Әзірленген жаңа түзетулерде туристік жарнада орналастыру орындарында болу құнының  0 (нөл) пайыздық мөлшерлемесі қолданылатыны көрсетілген.

Қазіргі уақытта орналастыру орындарында туристік жарнаға 0,2-ден 0,5 АЕК-ке дейін (690 теңгеден 1726 теңгеге дейін) бекітілген мөлшерлемелер қолданылады.

Сондай-ақ туристер ағыны ұлғайған жағдайда мөлшерлемені көтеруді көздейтін тармақтар ережелерден алынып тасталды., - делінген "Ашық" НҚА сайтында.

Бұйрық жобасы 6 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін аталған сайтқа орналастырылмақ.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қазанда туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев туристік жарнаны (bed tax) алып тастау туралы шешім қабылданғанын хабарлаған болатын. Себебі бұл отандық бизнеске де, шетелдік туристерге де қолайсыздықтар туғызады.