00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде кепілсіз тұтынушылық несиеге сұраныс артқан

28 ақпан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде кепілсіз тұтынушылық несиеге сұраныс артқан
фото: Оңалхан Оңерхан

Жеке тұлғалар тарапынан несиеге сұраныс индексі ипотекалық кредиттерді қоспағанда, бөлшек кредиттеудің барлық түрінде біршама өсті,,деп хабарлады Elorda.info.kz.

Банктер тұтынушылық несиеде де сұраныс біршама өскенін көрсеткен. Бұл скорингтік модельді енгізумен және өтінім қарау рәсімін жетілдірумен байланысты. Бұл ретте кредиттік өтінімдер саны 15%-ға артып, 36 мыңды құрады.

«Өтінімдерді қарау рәсімінің жақсаруы мен алдыңғы тоқсандарда онлайн өнімдер үлесінің артуы кепілсіз берілетін тұтынушылық қарыздарға сұранысты өсірді.  Кредиттік өтінімдер саны 21,1 миллион болды, бұл III тоқсандағы көрсеткіштен 10%-ға артық, - деді Ұлттық банктің баспасөз қызметі.