Қазақстан бидайы Қытай арқылы Вьетнамға жөнелтілді

16 шілде, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстан бидайы Қытай арқылы Вьетнамға жөнелтілді
Фото: ҚТЖ

15 мың тоннадан астам қазақстандық бидай Вьетнамға Қытай аумағы арқылы темір жол көлігімен экспортталды, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚТЖ-ға сілтеме жасап. 

Астық жүктері Хайфон портына (Вьетнам) Достық және Алтынкөл шекаралық өткелдері арқылы жеткізілді.

Экспорт 2025 жылдың мамырынан шілдесіне дейін жүзеге асырылды. Ақмола облысының Азат, Ақкөл және Көкшетау станцияларынан барлығы сегіз құрам құрылып, жөнелтілді.