00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Аяқ киімді таңбалау көлеңкелі тауар айналымына тосқауыл қояды

20 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Аяқ киімді таңбалау көлеңкелі тауар айналымына тосқауыл қояды
фото: Elordainfo

Тауарларды таңбалау және қадағалау бірыңғай операторы SHOESSTAR-Asia 16-шы халықаралық аяқ киім көрмесінде 50-ден астам жеке кеңестер өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, көрмеге Қытай, Ресей, Өзбекстан және Еуропа елдерінен аяқ киім өндірушілері қатысты. Көрме қатысушылары Бірыңғай оператор өкілдерінен аяқ киім өнімдерін таңбалау бойынша жеке кеңестер алды.

Көрме аясында «Қазақстандағы аяқ киімді таңбалау» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда аяқ киім өнімдерін таңбалау және қадағалау жүйесінің таныстырылымы өтті.

Іс-шараға аяқ киім өнімдерін таңбалау және қадағалау жүйесінде жұмыс істейтін 50-ден астам маман қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, аяқ киім өнімдерін цифрлық таңбалау және қадағалау нарықтағы көлеңкелі айналымның жоғары үлесіне байланысты 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап енгізілген болатын. Ресми мәлімет бойынша, аяқ киім саудасындағы көлеңкелі экономика деңгейі 48 пайызды құрайды.