00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада 155 мыңнан астам жеке тұлға декларация тапсырмаған

31 шілде, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада 155 мыңнан астам жеке тұлға декларация тапсырмаған
фото: Астана қ. Коммуникациялар қызметі

Бүгін Астана қаласының Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерасыл Бораш жалпыға бірдей декларациялаудың қалай жүргізіліп жатқаны туралы баяндады, деп хабарлады Elorda.info.

Биылдан бастап елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Осы жылы Декларацияны заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары тапсыруға міндетті.

 «Елордада  «Активтер мен міндеттемелер туралы декларация» міндеттемесін тапсыруға тиіс  236 006 жеке тұлға бар. Оның ішінде декларацияны 80 336 жеке тұлға тапсырған болса, 155 670 жеке тұлға тапсырмаған. Декларацияны 2024 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей  тапсыру керек»,- деді Ерасыл Бораш.

Сонымен қатар ол активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.