Елімізде шетелдік кәсіпкерлер үшін «Инвесторлық виза» енгізіледі
15 тамыз, 2024
Зарина Сәрсенбайқызы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында 2023-2027 жылдарға арналған «Ашық Қазақстан 500+» көші-қон саясатының тұжырымдамасын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.
Бизнес-иммиграция бойынша инвестиция тарту үшін әлем мемлекеттері арасындағы бәсекелестік жыл өткен сайын күшейіп келеді. Осы орайда, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мемлекеттерінің тәжірибесіне сүйене отырып, инвестициялық виза берудің төменгі шегін 300 мың АҚШ долларына дейін азайту қарастырылған.
Елімізге кемінде осындай көлемде инвестиция салған шетел кәсіпкерлері үшін «Инвесторлық виза» енгізу ұсынылады, - деді Тамара Дүйсенова.
Ұқсас жаңалықтар