00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Соңғы 9 айда қазақстандықтар автонесие алуға 1 млн-нан астам өтініш берген

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Соңғы 9 айда қазақстандықтар автонесие алуға 1 млн-нан астам өтініш берген

2022 жылдың 9 айына қазақстандықтар автонесие алуға 1 млн 221,2 мың өтініш берген.  Бұл 2021 жылғы қаңтар-қыркүйектегі көрсеткіштен 1,7% төмен, деп хабарлады Elorda.info.

Inbusiness.kz жазуынша, мақұлданған өтінімдер саны әлдеқайда азайды - 22,9%. Егер өткен жылдың 9 айында 168,9 мың өтініш қабылданса,  биыл 130,3 мың несие мақұлданған.

Осылайша, берілген несиелердің үлесі 13,6%-дан 10,7%-ға дейін төмендеді.

Ұлттық Банк мұны «автонесие шарттарын қатаңдатуға байланысты» деп түсіндіреді: пайыздық мөлшерлеме өсті, қарыз алушылардың төлем қабілеттілігіне қойылатын талаптар да артты. 

Бұған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін көтеру және банк өнімдерінің скорингтік үлгілерін қайта қарау әсер етті.