249 ірі салық төлеушілерге мониторинг жүйесіз жүргізіледі – Әлихан Смайылов


Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов айтты. Жоғары аудиторлық палата төрағасы дерегіне сәйкес, жалпы салық жинау көлемі 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда 4,7 процентке төмендеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Смайыловтың сөзінше, осы факторлардың барлығы қарыз алудың ұлғаюымен қатар Ұлттық қордан берілетін трансферттерді көбейтуге әсер еткен.
«Салықтық тексерулер санының артқанына қарамастан олардың нәтижелері бойынша өндіріп алу проценті 2 еседен астам төмендеді. Жер қойнауын пайдаланушыларды есептемегенде 249 ірі салық төлеушілерге мониторинг жүйесіз жүргізіледі. Нәтижесінде қосымша есептелген сома небәрі 643 млн теңгені немесе ірі салық салық төлеушілерден түскен түсімдердің 0,01 процентін құрады. Жалпы 2024 жылы салық жинау көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 4,7 процентке төмендеді. Осы факторлардың барлығы қарыз алудың ұлғаюымен қатар Ұлттық қордан берілетін трансферттерді де көбейтуге мәжбүрледі. 2024 жылы оның көлемі 5,6 трлн теңгені құрады.
Өткен жылы Ұлттық қорға тікелей салық төлейтін мұнай ұйымдарының саны қысқарды. 2023 жылмен салыстырғанда Ұлттық қор активтрінің деңгейі ЖІӨ-ге 7 проценттік тармаққа төмендеді. Бюджет тапшылығын ЖІӨ-нің 2,6 процент диапозынында ұстау мақсаты орындалмады», - деді төраға.