00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде соңғы 9 айда құрылыс жұмыстарының көлемі 5%-ға өсті

Елімізде соңғы 9 айда құрылыс жұмыстарының көлемі 5%-ға өсті

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібеков Қуантыров Үкімет отырысында 2022 жылғы қаңтар-қыркүйектегі елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндамасында айтты, деп хабарлады Elorda.info

Сандық деректерге сәйкес, ел экономикасының өсу қарқыны 2,8%-ды құрады. Оның ішінде нақты сектордағы өсім 3,1%, ал қызмет көрсету саласында 1,9% болды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 7%-ға дейін жеделдеді. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4,6%-ға өсті.  Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,1%-ға ұлғайды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 5,1%-ға өсті. 10,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 0,9 %-ға артық. Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 6,9%-ға ұлғайды, – деді министр.