00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ең жоғарғы жылдық инфляция қай аймақта тіркелді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ең жоғарғы жылдық инфляция қай аймақта тіркелді

Ең жоғарғы жылдық инфляциы Маңғыстау облысында тіркелді, деп хабарлады Elorda.info.

«Zakon.kz» жазуынша, Маңғыстау облысында жылдық инфляция 19,3% болды, ол республикалық деңгейден 3,2 пайыздық тармаққа жоғары.

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, ең төмені жылдық инфляция Алматы облысында байқалды – 13,6% (2,5 пайыздық тармаққа төмен).

Тұтыну бағалары индексінің құрылымында азық-түлік тауарларының ең жоғары өсімі Маңғыстау облысында – 25,8%, ең төмені Алматы облысында байқалды – 18,4% .

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар жылдық мәнде Нұр-Сұлтан қаласында ең көп қымбаттады – 21,6%-ға, ең азы Алматы қаласында – 12,5%. Айта кетейік, ҚР бойынша азық түлік емес тауарлар тамыз айында былтырғы сәйкес айға қарағанда 15,5% қымбаттаған.

Ақылы қызметтердің құны бір жыл ішінде Ұлытау облысында 15,8%-ға өсті, ал Ақтөбе облысында республикалық деңгейден 3,8 пайыздық тармаққа төмен болып шығып, 6,3% құрады.