00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде әлеуметтік азық-түлік бағасы 18 пайызға қымбаттаған

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде әлеуметтік азық-түлік бағасы 18 пайызға қымбаттаған

Energyprom сарапшыларының мәліметінше, елдің ірі қалаларының ішінде ең жоғары жылдық баға өсімі Ақтау (былтырдан бері 21,2%-ға), Жезқазған (20,5%) және Орал (20,4%) қалаларында байқалды. ӘМАТ бағасының ең аз, бірақ әлі де елеулі жылдық өсімі Қостанайда (15,8%), Петропавлда (16,8%) және Қарағандыда (17,8%) тіркелді.

ӘМАТ ішінде былтырдан бері ең көп қымбаттағаны түйіршіктелген қант: бірден 92,7% қымбаттады. Сондай-ақ пияз (55,5%), қарақұмық (26,5%), тауық еті (23,5%) және өлшенбелі рожки (23,2%) бағасы өсті.

Өткен жылмен салыстырғанда ӘМАТ тауарларының ішінде сәбіз (19%) және ақ қырыққабат (6,7%) арзандады.

Жалпы, шілде айында азық-түлік тауарларының бағасы бір айда 1%, жыл басынан бері 16,9% және бір жылда 19,7% өсті.

Өңірлер бойынша бір айда ең көп қымбаттаған өңірлер Павлодар (2%), Ақмола (1,9%) және Абай (1,7%) облыстарында байқалды. Бір айда баға ең аз Алматы, Түркістан және Ұлытау облыстарында (0,4%) өсті.

Ал жылдық динамикада бағаның ең көп өсуі Маңғыстау (24%), Ақтөбе (22,4%) және Атырау (21,5%) облыстарына тіркелді.

Азық-түлік тауарларының кіші топтарына келетін болсақ, шілде айының қорытындысы бойынша, бағаның бір айдағы ең көп өсуі нан өнімдері мен жармада байқалды: 2,9% қымбаттаған. Ет және ет өнімдері — 1,4%, балық және теңіз өнімдері — 1,3%, сүт өнімдері — 1,7%, жұмыртқа — 2,4%, май мен тоң май — 1,4%, қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдер — 4,3% қымбаттады. Сонымен қатар, жеміс-жидек пен көкөністің маусымдық жаңа бағалары күтілгендей айына 4,3% төмендеді.

Жылдық динамика бойынша нан өнімдері мен жарма 26%, ет және ет өнімдері — 14,3%, балық және теңіз өнімдері — 18,8%, сүт өнімдері — 22,7%, май мен тоң май — 15,3%, жеміс пен көкөніс — 14,5% қымбаттады, қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдер — 44,2%, жұмыртқа — 6,6% қымбаттады.