18,5 млн темекі заңсыз айналымнан шығарылды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Қаскелең қаласы, Алматы-Бішкек трассасының 29 шақырымында орналасқан «Кристалл» қонақ үй-тұрақ кешенінің аумағында 925 мың қорап заңсыз темекі (18,5 млн. темекі тарту бірлігі) өнімі анықталды. Акциздік маркасы жоқ контрабандалық темекі өнімі тексеру жүргізу барысында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп анықталды, - деп жазылған хабарламада.
Осы тексеру нәтижелеріне қатысты материалдар ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабы бойынша бұзушылық белгілерімен Алматы облысының Экономикалық тергеу департаментіне берілді.
Айта кетейік, төленбеген акциз шығын сомасы 227,6 млн қаржыны құрайды. Темекенің жалпы құны - 527,3 млн теңге.
Ұқсас жаңалықтар
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді
17 қараша, 2024
Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады
15 қараша, 2024
Қазақстандықтар бір айда 164 мыңдай автокөлік сатып алды