00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада балалар үйінде мерекелік іс-шара өтті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада балалар үйінде мерекелік іс-шара өтті

Мерекелік іс-шараға қатысушылар Ғарышкер, Қарақшы, Кемпірқосақ, Күн және Бұлттармен бірге «Ғарыш әлеміне» саяхат жасады. Ғажайыпқа толы ғарыш әлемінде балалар өз өнерлерін көрсетті.  «Жұлдыздар», «Күн сәулелері», «Ақ бұлттар», «Күн жүйесіндегі ғаламшарлар», «Ғарышкерлер» биі мен «Зымыран» флешмобын билеп, «Жұлдыздарды жина», «Күн мен Жаңбыр» атты қызықты ойындарын ойнады.
Сондай-ақ балаларды қорғау күні мерекесі аясында Данияр есімді бүлдіршіннің тұсау кесу рәсімі өткізілді. Қылықты балапандарға түрлі тәттілер мен әдемі ойыншықтар үйлестірілді.

Айта кетейік, іс-шараға «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі коммиссиясының бас инспекторы-хатшысы Қарлығаш Саркенова, әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшелері, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы, Білім басқармасы қамқоршы және қорғаншылық органы өкілдері, Алматы ауданы полиция басқармасы өкілдері қатысты. Олар бүлдіршіндерді құттықтап, түрлі сыйлықтар табыстады.