00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде ең жоғарғы және ең төменгі жалақыны кімдер алады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде ең жоғарғы және ең төменгі жалақыны кімдер алады

Ең жоғары жалақыны Швейцария, Сингапур және Австралия тұрғындары алса, ең төменгі жалақыны Шри-Ланка азаматтары алады. ТМД елдерінің арасында Ресейде (884,14 доллар) және Украинада (512,66 доллар) жалақы Қазақстандағыдан жоғары. Молдова (387,9 доллар) мен Беларусь (363,76 доллар) тұрғындары Қазақстанға қарағанда аз алады.

Елімізде 2022 жылдың бірінші тоқсанында атаулы орташа айлық жалақы 285,4 мың теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғыдан 23,7 процентке артық. Өткен жылы 230,8 мың теңге болған.

Өңірлер арасында ең жоғары атаулы жалақы Атырау облысында тіркелді – 477,9 мың теңге. Ол республикалық орташа көрсеткіштен 67,4 процентке асып түсті. Одан кейінгі орындарда Маңғыстау облысы (416,2 мың теңге) мен Нұр-Сұлтан (366,5 мың теңге) тұр.

Алматы үздік үштікке кірмегенімен, қаладағы жалақы республикалық көрсеткіштен асып, 327,5 мың теңге болды.

Ең төменгі атаулы жалақы Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді – 203,4 мың теңге.

Ең жоғары жалақыны тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласының қызметкерлері алады – шамамен 619 мың теңге. Сондай-ақ қаржы, сақтандыру (521,1 мың теңге), ғылыми-техникалық қызмет (416,4 мың теңге) салаларында жоғары жалақы алуға болады.

Ең төменгі жалақыны агроөнеркәсіп кешені (144,1 мың теңге) және сумен жабдықтау (170,8 мың теңге) қызметкерлері алады.