00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан ауыл шаруашылығы жерлерінің ғарыштық мониторингін жетілдіреді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан ауыл шаруашылығы жерлерінің ғарыштық мониторингін жетілдіреді

Кеңесте ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланудың ғарыштық мониторингі және оларды цифрландыру мәселелері қаралды.

Баяндама жасаған ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қазір «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ базасында ауыл шаруашылығы жерлеріне ғарыштық мониторинг жасаудың жетілдірілген нұсқасын енгізу пысықталып жатқанын хабарлады.

«Жер инспекторының кабинеті» жасалды, ол әр жерден алынған деректерді талдап, жер учаскесін ұтымсыз пайдалану белгілерін анықтауға және осындай фактілерге жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Бұл платформа 2022 жылдың жазында іске қосылады.

Мемлекеттік бақылау әдістерінің пысықталуын ескере отырып, биыл мемлекетке қайтарылған пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерінің ауданын өткен жылмен салыстырғанда 4 есеге ұлғайту жоспарлануда: 2021 жылы 1,3 млн га қайтарылды, 2022 жылы кемінде 5 млн га қайтару жоспарда бар.

Сонымен қатар министр ауыл шаруашылығы жерлерінің барлығын цифрландыру аяқталғаннан кейін ғарыштық мониторингтің тиімділігі жақсаратынын атап өтті. Бұл процесті 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр. 

Премьер-министр айтылған тәсілдерді қолдап, осы бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды.