00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде 2024-2025 жылдары баспана тапшылығы болуы мүмкін

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде 2024-2025 жылдары баспана тапшылығы болуы мүмкін

Құрылыс материалдарының нарығындағы өндірістік және сауда-саттық тұрақсыздыққа байланысты бүгінде көптеген компаниялар жоспарларын қайта қарап, қрылыс көлемін қайта есептеп жатыр. Сондықтан алдағы уақытта, 2022 жылы болмаса да, 2024-2025 жылдары баспана тапшылығы сезілуі мүмкін, – деді Т. Ерғалиев.

Оның айтуынша, құрылысқа қажетті негізгі материалдың басым бөлігі әлі де болса сырттан әкелінеді. Яғни, құрылыс материалының бағасы қымбаттай түсуі мүмкін.

Кейінгі 7 жылдағы жағдайды алып қарасақ, сол арқылы алдағы уақытқа болжам жасасақ, баспана нарығындағы инфляция 12%-14% болып, құрылыс материалдарының бағасы кемінде 10%-15% қымбаттайтынын көреміз. Сондықтан ахуал тұрақтана қоймайды. Керісінше осы қарқынмен шиеленісуі мүмкін, – деді құрылысшылар одағының басшысы.

Сондай-ақ, ол күзден бастап санкциялардың шынайы әсері байқалатынын айтты.

Ресейге қарсы салынып жатқан санкциялардың құрылыс нарығына түсіретін шынайы салмағын біз тамыз-қазан аралығында сезінеміз. Әзірге материал мен тауардың қоры жеткілікті. Бірақ шамамен күзден бастап санкциялардың шынайы әсерін көреміз. Осы кезде құрылыс бағасы қайта қымбаттайды, – деді сарапшы.