Инфляция бес жылдан бергі рекордтық көрсеткішке жетті
Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында айтты.
Азық-түлік тауарлары инфляцияға ең көп үлес қосты, олардың өсуі 10,0%-дан 15,4%-ға дейін жеделдеді (бір айда инфляция 5,8%-ға өсті). Орамжапырақ, қант, картоп, қызанақ бағаларының айтарлықтай өсуі байқалды, – дейді Пірматов.
Оның сөзіне қарағанда, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы наурызда 8,6%-дан 10,9%-ға дейін қымбаттады. Оған теңге бағамының әлсіреуі және азық-түлікке қарағанда төменірек болса да, артық сұраныстың қысымы себеп болған.
Ақылы қызмет көрсету бағасы 7,1%-дан 8,3%-ға дейін жеделдеді, бұл бірқатар нарықтық қызметтер бағасының өсуіне байланысты болды, – дейді Пірматов.
ҰБ төрағасының сөзінше, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар бағаның маусымдық өсуіне жол бермеуі және алдын алу шараларын қабылдауы қажет. Өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, өңіраралық ағындарды уақтылы ұйымдастырып, елді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылау маңызды. Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін баға үстемесіне тиімді бақылау жүргізу қажет.