00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеуші саясат енгізіліп жатыр

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеуші саясат енгізіліп жатыр

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, Мемлекет басшысы 2021 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері жөніндегі заңға қол қойды.  

Заңды іске асыру мақсатында биылғы 1 ақпанда заңның қолданылуын қамтамасыз ету үшін қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесін бекітуді көздейтін Премьер-министр өкімінің жобасы Үкіметке енгізілді. Тізбе 164 нормативтік-құқықтық актіні қамтиды, — деді Ә. Қуантыров.

Министрдің айтуынша, министрлік мемлекеттік органдарды бизнесті реттеудің жаңа тәсілдеріне оқыту үшін сарапшылар құрамын қалыптастырды. Бұл оқыту бір ай бойы жүргізіледі.

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар реттеушілік актілердің жаңа реттеушілік саясатқа сәйкестігіне қайта қарау үшін салалық жұмыс топтарын құру жұмысын аяқтауда. Биылғы наурыздың соңына дейін мемлекеттік органдар жұмыс топтарымен бірлесіп, тізілімге енгізу үшін жетекшілік ететін салалар бойынша реттеу актілерінің тізбесін қалыптастырады.

Осы жылғы 30 наурыздан бастап кестеге сәйкес жаңа реттеушілік саясатқа сәйкестікке қойылатын талаптарға талдау жүргізілетін болады, — деді министр.