00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Үкімет экономикалық шаралар кешенін жүзеге асырып жатыр – Әлихан Смайылов

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Үкімет экономикалық шаралар кешенін жүзеге асырып жатыр – Әлихан Смайылов

Барлығына белгілі сыртқы саяси ахуалдың күрт шиеленісуі жағдайында Үкімет пен Ұлттық банк Бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыруға кірісті. Жоспар инфляцияны бақылауда ұстауға, валюта нарығында тұрақтылықты сақтауға, жұмыспен қамтуды қолдауға, жаңа жұмыс орындарын құруға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталып отыр, — деді Премьер-министр Ә. Смайылов.

Қаржы нарығының тұрақтылығы мен қорғалуын қамтамасыз ету үшін Үкімет Ұлттық банкпен бірлесе отырып, Теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын іске асырады.

Теңгелік депозиттерді қорғау аясында депозиттер бойынша сыйлықақы есептеу қарастырылған. Сондай-ақ Үкімет Ұлттық банкпен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі жаңа шаралар кешенін қабылдады.

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша қаржыландыру, оның ішінде субсидиялау мен кредиттерге кепілдік беру ұлғайтылады. Бизнеске шамадан көп әкімшілік жүктемені жоя отырып, кемшіліктерге талдау жүргізілді. Басым салаларда мемлекеттік органдардың реттеушілік актілері қайта қаралады.

Биыл «Ауыл – ел бесігі», Өңірлерді дамытудың кешенді жоспары және басқа да бағдарламалар аясында республикалық бюджеттен өңірлерді дамытуға қосымша қаражат бөлінеді.

Сонымен қатар Үкімет отырысы барысында отандық индустриялық-өнеркәсіптік кешенді қолдау және дамыту мәселесі қозғалды.

Отандық өнеркәсіпті дамыту үшін экономиканы индустрияландыру және инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы импорттық тауарларды алмастырудың маңызы ерекше. Бұл орайда мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын өсіруге міндеттеме алады, — деді Премьер-министр отырыс барысында.

Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру үшін субсидиялау жүйесінің жаңа тәсілдері әзірленіп жатыр. Ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу арқылы ауыл шаруашылығы кооперациялары мен отбасылық шаруашылықтарды дамытуға қосымша жағдай жасалады.

Бірінші кезекте ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған жобалар басым түрде мемлекеттік қолдауға ие болады. Биыл осы және басқа да шаралар қабылданады. Оларды іске асыру үшін Үкімет барлық күш-жігерін жұмсайды деп сендіремін. Біздің басты міндетіміз – халқымыздың әл-ауқатын арттыру, — деп түйіндеді Ә. Смайылов.