00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Үкімет цифрлық майнингті «көлеңкелі жүйеден» шығару бойынша нақты шараларды қарастырды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Үкімет цифрлық майнингті «көлеңкелі жүйеден» шығару бойынша нақты шараларды қарастырды

2021 жылға дейін электр энергиясын тұтыну 2%-ға артты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 6%-дан асты. Мұндай елеулі өсім – көлеңкелі майнингтің салдары.

Елімізде электр энергиясы тапшылығының өсуіне жол бермеу, сондай-ақ қызметтің аталған түрін көлеңкелі сектордан шығару мақсатында Премьер-министр тиісті министрліктерге осы қызметті заңнамалық түрде реттеу, оның ішінде лицензиялауды енгізу қажеттігіне байланысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Қазіргі уақытта майнинг мәселелері бойынша заңнамаға қажетті түзетулер әзірленіп жатыр.