00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сарапшылар мұнай бағасы 100 долларға дейін көтерілуі мүмкін екенін айтты

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сарапшылар мұнай бағасы 100 долларға дейін көтерілуі мүмкін екенін айтты

20 қаңтар күні сағат 09:16-да Brent мұнайының бағасы 0,16 процентке қысқарды – баррелі 88,29 доллар болды. WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны 85,76 долларды құрады. Мұнайдың арзандауына АҚШ-тағы шикі мұнайдың коммерциялық қоры салыстырмалы түрде өсті деген болжа ықпал етті.

Сонымен бірге, сұраныстың тұрақты түрде қалпына келуі және жеткізілімнің уақытша қысқаруы мұнай бағасының өсуін шектейді. Йемендегі хуситтердің БАӘ-ге шабуылы және Ресей, АҚШ және НАТО арасындағы Украина үшін шиеленістің ушығуы жеткізілімді қысқарту мүмкін.

Сарапшылар COVID-19-ға қарамастан, ұсыныс сұранысты қанағаттандырмаса, алдағы айда мұнай бағасы барреліне 100 долларға дейін көтерілуі мүмкін деп болжап отыр.

Еске салсақ, кешегі мәлімет бойынша Brent мұнайының бағасы сегіз жылдан бері алғаш рет 89 доллардан асты.