Қырғызстанда ысырапшылдық үшін айыппұл салу ұсынылды
28 қаңтар, 2025


фото: freepik.com
Қырғызстан парламентінің депутаттары салт-дәстүрлер, рәсімдер мен мерекелерді өткізу кезінде артық шығынды шектеуді ұсынып отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Қоғамдық талқылауға ұсынылған заң жобасы отбасылық іс-шараларды реттеуді енгізуді ұсынады:
- жерлеу кезінде ұсақ малды, жылқы немесе ірі қара малды союға жол берілмейді;
- марқұмды жерлеген соң үш күннен кейін бір жылқы немесе ірі қара мал сойып, ас беруге («Құран оқу») рұқсат етіледі;
- 3 күн, 7 күн, 40 күндігі және жылдық асын өткізуге тыйым салынады;
- тойға саны 250-ден аспайтын адам шақыруға және бір сиыр немесе жылқы союға рұқсат етіледі;
- «қыз ұзатуға» бір сиыр немесе жылқы сойып, 100 адамнан артық шақыруға болмайды;
- үйлену тойы мен қыз ұзатуды бірге өткізу кезінде бір сиыр немесе жылқы сойып, 350-ден аспайтын адам шақыруға рұқсат етіледі;
- үйлену кортежінде үш көліктен артық болмауы керек;
- жоғарыда аталған салт-жораларды, мерекелерді және салт-дәстүрлерді өткізу кезінде «киіт кигізу», «себет беру», «қонақ беру» және басқа да осыған ұқсас ғұрыптар сияқты қосымша қажетсіз шығындарды ұйымдастыруға тыйым салынады.
Заң талаптарын бұзғаны үшін той, шара иесіне 300 мың сом, мекеме иесіне 100 мың сом көлемінде айыппұл салынады.
Құжат бастамашылары соңғы кездері елде той-томалақтар мен жерлеу рәсімдеріне байланысты халықтың төл әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне сәйкес келмейтін келеңсіз құбылыстардың көбейіп, отбасы қаржысына айтарлықтай зиян келтіретінін атап өтті.
Заңның орындалуын бақылау жүргізуді жергілікті мемлекеттік органдар жанындағы аумақтық комиссияларға жүктеу ұсынылды.
Ұқсас жаңалықтар

7 ақпан, 2025
Қырғызстан әнұранын жаңарту үшін республикалық байқау өткізуді жоспарлады

6 ақпан, 2025
АҚШ-та тағы да жолаушылар ұшағы соқтығысты (ВИДЕО)

5 ақпан, 2025
Әйел сатылған үйінің жертөлесінде жеті жыл бойы жасырын тұрып келген

4 ақпан, 2025
Қырғыздар тегіндегі «-ов», «-ев» жалғауларынан жаппай бас тартып жатыр