Ақтауда ірі контрабанданың ұйымдастырушысы сотталды
29 қаңтар, 2025
Фото: freepik.com
Ақтау қалалық соты Қазақстан азаматын қылмыстық топ құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
2016-2018 жылдар аралығында адамдар тобы құрылыс материалдарын жеткіземіз деген желеумен Ираннан Қазақстанға кеден шекарасы арқылы құны 1 млрд теңгеден асатын темекі мен табак тасымалдаған.
Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы халықаралық іздеуде болып, Әзербайжан Республикасынан экстрадицияланды. Топтың қалған мүшелері бұған дейін әртүрлі жазалар үшін жауапқа тартылған болатын.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
22 наурыз, 2026
Далада 5 күн жатқан малшыны ТЖМ қызметкерлері құтқарды
20 наурыз, 2026
FlyArystan рейсінде жолаушы дәрігерлер жүкті әйелге көмек көрсетті
20 наурыз, 2026
Елордада тұрақта жанған көлік дер кезінде сөндірілді
20 наурыз, 2026
Террористік және экстремистік қылмыс жасағаны үшін 17 адам сотталды – ҰҚК