00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қорға түскен қаражат 7 банкте сақталады - Болат Жәмішев

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қорға түскен қаражат 7 банкте сақталады - Болат Жәмішев

«Қорға түскен қаржы 7 банкте болады. Барлығы да - отандық банктер. Яғни, қайырымдылық жасаған адам немесе ұйым қаржыны қай банк арқылы жібереді, ақша сол банкте болады. Қор ашыла сала алғашқы қаржы Halyk Bank арқылы түсті. Одан кейін kaspi.kz және тағы 5 банкке қайырымдылық қаржысы түсе бастады. Қаржыға біз жауапты болғандықтан, халық сеніміне кірген, несие жүйесі оң жолға қойылған банктер таңдалды. Одан әрі отандық ірі кәсіпорындармен тікелей жұмыс істейтін боламыз. Ал орта және шағын кәсіпорындармен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы меморандум жасаймыз», - деді Б. Жәмішев.

Сондай-ақ, қор басшысы қатысушылар кеңесінің құрылатынын алға тартты. Ол кеңесте қаржының қаншалықтың тиімді жұмсалып жатқаны қаралады.

«Көлеңкелі табысқа кенеліп жүргендер қорға қаржы аударсын деген ұсыныстарды естіп жатырмын. Қаржы халық игілігіне жұмсалады. Сондықтан қорға адал жолмен тапқан табыстың түскенін қалаймыз. Мен үшін қайырымдылық қаражаттың қайда жұмсалатыны өте маңызды», - дейді ол.